384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

  • 187
  • UPD: 15:30, 04.07.2019
Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай, құттықтау хаттары мен жеделхаттары келіп жатыр.

Монако Князі ІІ Альбер өзінің құттықтау хатында Мемлекет басшысына табыс тілеп, жуық арада кездесуге үмітті екенін білдірген.

«Елдеріміздің арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және стратегиялық ықпалдастықтарымызды кеңейтуге шынай түрде тырысатынымды білдіргім келеді», – деп атап өткен Монако Князі ІІ Альбер.

Таиланд Королі Х Рама Маха Важиралонгкорн да Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына сайлануымен құттықтап, Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

«Алдағы уақытта Таиланд пен Қазақстан арасындағы тығыз байланыстар мен достық қатынастар екі елдің игілігі үшін көптеген сала бойынша нығайып, дами беретініне кәміл сенемін», – деп жазған Тайланд Королі.

Ақын Олжас Сүлейменов жеделхат жолдап, Мемлекет басшысын сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Алғашқы жеңісіңізбен! Сайлаушы ретінде көпжылдық тәжірибем бола тұра, мен алғаш рет осы дауыс беру кезінде толқыдым. Алдағы асуларыңызға сәттілік пен табыс тілеймін», – деп жазды Олжас Сүлейменов.

Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Сергей Терещенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсібилігіне, басшы ретіндегі дарыны мен ақылына тоқталған.

«Қазақстан халқының Сізге деген ортақ сенімі – тұрақтылық пен алдағы қайта өркендеуді таңдағаны. Сіздің дана басшылығыңызбен осы бір жаһандық, аймақтық экономикалық қиын-қыстау кезеңде Қазақстан өз дамуының жаңа сатысына қол жеткізетініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.

Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы халықаралық істер комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен экономикалық дамуының қалыптасып, нығаюына қосқан зор үлесін атап өткен. 

«Көрнекті мемлекет қайраткері ретіндегі Сіздің тәжірибеңіз осынау жауапты мемлекеттік қызметтегі басым міндеттерді оңтайлы шешуге ықпал етеріне сенімдімін», – деген хатында.

«Шеврон» корпорациясының бас атқарушы директоры әрі директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уирт Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқының игілігі үшін атқаратын маңызды лауазымда мол табыс тіледі.

«Шеврон» Қазақстанмен арадағы 26 жылдан асқан әріптестікті мақтан тұтады. Біз бұл әріптестіктің алдағы уақытта жалғаса беретініне үміттенеміз», – деп жазды корпорация басшысы. 

Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов құттықтау хатында ғылыми әлеуетіміздің дамуының маңызына тоқталып, Мемлекет басшысын ғылыми зиялы қауымның осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра беретініне сендірді.  

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік музей ұжымы құттықтау хатқа Елбасы саясатының сабақтастығы мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру шараларын атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына жеміс тіледі.

«Сіздің мұқтаж азаматтарға көмектесу арқылы әлеуметтік өткір мәселелерді шешуді жоспарлағаныңыз бізді шабыттандырады», – делінген хатта.

Қазақстанның Бас Мүфтиі Серікбай қажы Ораз Мемлекет басшысын құттықтап, Президент сайлауы кезінде көрсеткен халықтың ауызбіршілігін атап өтті.

Қазақстанның православ шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александр құттықтау хатында Қазақстанда қалыптасқан әртүрлі этностар мен түрлі конфессиялардың өзара қарым-қатынасы бойынша қалыптасқан бірегей модельді атап өтті.

«Біздің халқымыз мемлекеттің экономикалық, рухани және мәдени әлеуетінің артуына қосқан Сіздің еңбегіңізді бағалайды және Сізді Тұңғыш Президент – Елбасының саясатын жалғастырушы ретінде көреді», – деп жазды Митрополит.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысын шетелдік саясат және қоғам қайраткерлері, халықаралық құрылымдардың өкілдері, іскерлер, сондай-ақ, жекелеген ұйымдар да құттықтады.

Олардың арасында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы А. Гуррия, Біріккен ұлттар ұйымының Ливан жөніндегі арнайы үйлестірушісі, Бас хатшының орынбасары Я. Кубиш, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Ф. Гранди, БҰҰ Ауыл шаруашылық азық-түлік ұйымы, Көші-қон халықаралық ұйымының бас директоры А.Виторино, Халықаралық көші-қон ұйымының Бас директоры А. Виторино, Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры Сәлім Мұхамед әл-Мәлік, Жаңа Зеландияның генерал-губернаторы Пэтси Рэдди, Гватемала Республикасының Үкіметі, Сан-Марино Республикасының Капитан-Регенттері Никола Сельва, Микеле Муратори, Еуразия экономикалық комиссиясының өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі Коллегия мүшесі (министр) А. Субботин, Еуразия экономикалық одағы Сотының төрағасы Ж. Баишев, ТМД Экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкова, ТМД халықаралық парламентаралық ассамблеясы Кеңесінің бас хатшысы Д.Кобицкий, Италия Республикасының Парламенті депутаттар Палатасының вице-президенті Э.Розато, Польша Республикасының сенаторы Р.Даухэн, РФ Пенза және Омбы облыстарының губернаторлары И.Белозерцев пен А.Бурков, Сбербанк президенті Г.Греф, CNPC директорлары кеңесінің төрағасы Ван Илинь, БТБ банкінің басқарма төрағасы А.Костин, ОАДО қорының президенті Ф.Скалетчи, «Ренова» компаниясының директорлар тобы Кеңесінің төрағасы В.Вексельберг, «Парамаунт Групп» төрағасы А.Ичиковец, АрселорМитталдың вице-президенті П.Калон, High Vill Kazakhstan компаниясының президенті Ко Донг Хён, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті С.Мюллер, Access Industries CIS басшысы Л. Блаватник, «АҚШ-Қазақстан» бизнес-ассоциациясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры А.Торкунов, Қырғыз Республикасының Үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдары ассоциациясының төрайымы Т.Үметәлиева, Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының комитет төрағасы Т.Шозда, Иисус Христос шіркеуінің басшысы Р.Нельсон, Өзбекстандағы қазақтардың атынан Ташкент облысының тұрғыны М.Райымбеков және басқалары бар.  

Сондай-ақ, Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткерлері О.Әбдікәрімов, Ш.Құлмаханов, Т.Мансұров, С.Тоқпақбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері С.Еркімбеков, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясындағы ҚР өкілі В.Рогалев, жазушы-драматург Ж.Ерғалиев, Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Ә.Байменова, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Б.Алтынбеков, ҚР Білім және ғылым министрлігінің саясаттану және дінтану институтының директоры А.Бижанов, академиктер С.Қирабаев, Ә.Бейсенова, Қазақ ПЕН-клубының президенті Б.Ғабдуллин, ғалымдар М.Сәрсембаев, М.Өтебаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Ә.Бектаев, 1999-2000 жылдардағы Қазақстанның Хорватиядағы құрметті консулы З.Левай, жазушы С.Досанов, ақын Ш.Сариев, танымал журналистер Ж.Омаров, М.Закарин, халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жұбайы З.Бекхожина, Алматы облысының құрметті азаматы Н.Қылышбаев, соғыс ардагері И.Дабаев, денсаулық сақтау жүйесінің ардагері Т. Шериязданұлы, социология ғылымдарының докторы К.Ғабдуллина, «Altyn» компаниясының жетекшісі К.Асаубаев, СУЗК АҚ бас директорының орынбасары С.Григорьев, қоғам қайраткері С.Қасенов, Қызылорда облысының тұрғындары С.Түгелбаев, Қ.Баймұратов,  Алматы облысының тұрғындары М.Жауаров, Алматы тұрғыны Б.Көпесбаева, О.Питайкина, А.Старков, Маңғыстау облысынан Т.Түрікменбаев, Шымкент қаласынан А.Нұрабаева, Б.Бектөреев, Түркістан облысының тұрғыны У.Жақыпбаев, Ақтөбе облысынан А.Матаев, Маңғыстау облысының жастары, Әбдірашевтер отбасы, Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті Кеңесінің төрағасы М.Йылдыз және басқалар құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың, Қазақстан-неміс университетінің, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының, Бейбітшілік пен келісім музейінің, ҚР Ұлттық кітапханасының, Металлургия және байыту институтының және «Астана Опера» театрының, Хореография ұлттық академиясының, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, Мемлекеттік академиялық би театрының, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған Республикалық кітапханасының, «Салтанат» би ансамблінің, «Қазақстанның Кемератасы» классикалық музыка ансамблінің, К.Бәйсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектептің, Ақтөбе облыстық «ПО Глобал-Спецодежда» кәсіпорнының, Еуразиялық топтың, Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның, ҚР Ұлттық музейінің, «ШОЛПТАС» ӘӨК, О.Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжінің, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының, Селезнев атындағы Алматы хореогафиялық училищесінің, «Отырар» археологиялық музей-қорығының, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мұрағатының, «Астана Балет» театрының, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының, Республикалық неміс драма театрының, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР білім және ғылым министрлігі экономика институты, А.Бектұров атындағы химия институтының, Абай атындағы ҚазҰПУ, Атырау мұнай-газ университетінің, Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының, «Көне Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының, «Банк «ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ, «Антитеррор» арнайы оқу орталығының, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінің, «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің, «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының, Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдердің мемлекеттік академиялық орыс театрының ұжымынан және басқалардан құттықтаулар келіп түсті.  

Мемлекет басшысына өздерінің ізгі тілектерін бірқатар қоғамдық ұйымдар мен Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері жолдаған. Атап айтқанда, «Асыл бала» қоғамдық қоры, «Динамо» Қазақстан дене шынықтыру және спорт қоғамы, «Вяра» Ақтөбе болгар қоғамдық бірлестігі, Қазақстан студенттер альянсы, «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесі, «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Қостанай облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының аналар кеңесі, Қазақстанның жас кәсіпкерлер ассоциациясы, С.Нұрмағамбетов атындағы қордың төрағасы М.Нәлібаев, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Ө.Айтбайұлы, Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шөкеев, Ақмола облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті»қоғамдық бірлестігінің төрағасы, М.Қиықов, «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы О.Назаров, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығының төрағасы У. Шоназаров, «Вайнах» Ақмола шешен-ингуш қоғамының төрағасы Г. Яндиев, «Талдықорған қаласы жүргізушілер одағы» Ассоциациясының төрағасы Б.Әбдірасов, «Шырағым» Қазақстандағы көшбасшы әйелдерді қолдау қоғамының директоры З. Жұмабаева, Қарағанды еврей мәдени орталығының төрағасы В. Молотов-Лучанский, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының өкілдері, «Татар және башқұрт Қазақстан конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Т.Каримов, «Сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі комитет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ө.Асқарбаев, Республикалық әйелдер кеңесінің төрағасы Н.Каюпова және басқалар.

Мемлекет басшысы өз атына келіп түскен құттықтаулардың бәрімен мұқият танысып шығып, хат жолдағандарға жылы лебіздері мен шынайы көңілдері үшін ризашылығын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы