389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Royal Dutch Shell plc компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

  • 506
  • UPD: 19:48, 04.07.2019

Қазақстан президенті Royal Dutch Shell plc компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Берденді қабылдады.

Мемлекет басшысына трансұлттық компанияның энергетика және мұнай-химия салаларындағы жобаларды жүзеге асыруы жөнінде мәлімет берілді.

– Shell кәсіпорны Қашаған, Карашығанақ, Каспий құбыр желісі консорциумы сияқты ірі жобаларға белсенді қатысуда. Сіздің Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысқаныңызға қуаныштымын. Бұл біздің ынтымақтастығымызға оң ықпал етеді, – деді Қазақстан президенті.

Компания басшысы бірлескен жобаларды одан әрі жемісті іске асыруға сенім білдірді.

– Біз Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті жалғастыруды және міндеттемелеріміздің бәрін орындауды көздейміз. Алдағы уақытта еліңіздегі бірлескен жобалардың өндіру көрсеткіштерін арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді Бен ван Берден.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы