384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау хаттар келіп түсуде

  • 294
  • UPD: 15:11, 05.07.2019
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау хаттар келіп түсуде

Елорда күні мен Елбасының туған күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекет және үкімет басшыларынан құттықтау жеделхаттары түсуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өзінің телеграммасында Қытай мен Қазақстан арасындағы байланысты дамыту маңыздылығын атап өтті. «Қытай мен Қазақстан стратегиялық серіктес. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас орнағанына 27 жыл болды. Осы уақыт аралығында Қазақстан-Қытай қатынасы қарқынды дамыды. «Бір белдеу бір жол» жобасы аясында ортақ жұмыс атқарылуда. Мен сізді«Достық» орденімен марапаттау арқылы Қазақстан-Қытай қатынасының жоғары деңгейде екенін көрсеттім » - делінген телеграммада.

Сондай-ақ, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон және Ресей Федерациясының Үкімен басшысы Дмитрий Медведев біздің мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін жоғары бағалап, Елбасы атына құттықтау хаттарын жолдаған.

Хабар 24 телеарнасы