388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Владимир Путин Елбасыны туған күнімен құттықтады

  • 445
  • UPD: 17:14, 05.07.2019
Владимир Путин Елбасыны туған күнімен құттықтады

Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан және Сербия Президенттері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады.

Алдымен Владимир Путиннің арнайы хаты келіп түсті. Онда Ресей президенті ұлт көшбасшысының саяси көзқарасы мен біліктілігі Еуразия кеңістігіндегі одақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі де дамыта түсерін айтты. Ал Өзбекстан көшбасшысы Шавкат Мирзиеёв өз халқының Елбасына деген зор құрметін жеткізді. Яғни ала тақиялы ағайын Нұрсұлтан Назарбаевты бірегей мемлекеттік қайраткер әрі әлемдік деңгейдегі талантты саясаткер ретінде танитынын айтты. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов болса, Қазақстанның кең ауқымды жаңғыруы мен толағай табыстары Тұңғыш Президенттің есімімен тікелей байланысты екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынас қарқынды дами береді деген сенім білдірді. Сербия Президенті Александр Вучичтен те Қазақстан мен Сербия арасында қалыптасқан берік байланыс үшін Елбасына алғыс айтып, арадағы қарым-қатынас алдағы уақытта нығайта береді деді.

Хабар 24 телеарнасы