384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚКҰ серіктестері мен байқаушылары пайда болады

  • 213
  • UPD: 15:27, 06.07.2019

Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымында серіктестік пен байқаушылар институттары пайда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ұйымның бас хатшысы қызметін атқарушы Валерий Семериков мәлімдеді. Осы шешімді 2018 жылдың қараша айында Астанада өткен ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясында мемлекет басшылары қабылдаған болатын. Қазіргі кезде ұйымға мүше елдерді бұл құжатты ратификациялау үрдісі өтіп жатыр.  

Валерий Семериков, ҰҚКҰ бас хатшысы қызметін атқарушы:

– Әрине, серіктестерге және байқаушыларға қойылатын талап көп. Барлық үміткерлер БҰҰ мүше болуы керек, өз елдерінің аумағында жанжал болмауы тиіс және біздің басқарушы құжаттар бекіткен тағы да бірқатар шарт бар.

Хабар 24 телеарнасы