389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар елдің басшылары туған күнімен құттықтады

  • 342
  • UPD: 18:00, 06.07.2019

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шет мемлекеттердің басшылары туған күнімен және астана күнімен құттықтады.

Алдымен Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

Арменияның Премьерминистрі Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен амандық тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Армения арасындағы жан-жақты қатынастарды нығайта беруге ниетті екендігін жеткізді.

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Түркия Президенті Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және жаңа жетістіктер тіледі.

Тараптар бауырлас екі елдің игілігі үшін Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен де телефон арқылы сөйлесті.

Сооронбай Жээнбеков Елбасыны туған күнімен және астана күнімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және алға қойған мақсаттарының табысты жүзеге асырылуына ниеттестік білдірді.

Екі тарап Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тату көршілік және өзара сенімге негізделген түрлі салалардағы қатынастарды одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты

Хабар 24 телеарнасы