384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Люксембургте ЕҚЫҰ ПА сессиясы өтіп жатыр

  • 184
  • UPD: 16:22, 07.07.2019

Люксембургте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының 28-ші сессиясы өтіп жатыр. Оған Қазақстан парламенті делегациясы да қатысуда.

Бұл форумның негізгі тақырыбы «қауіпсіздікті нығайту үшін тұрақты дамуды жандандырудағы Парламенттердің рөлі» болды. Ұйымға мүше 57 елдің делегациясы саясат пен экономика, кедейлік деңгейін төмендету, гендерлік теңдік және аймақтардағы шиеленісті шешу секілді мәселелерді талқылады. 1992 жылдан бастап ұйымға мүше болған Қазақстан да Парламенттік Ассамблеяның жұмысына өзіндік үлесін қосты.

Мұқашев Төлеубек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы:

- Біздің мақсатымыз жас мемлекет болғаннан кейін мына қауіпсіздік саласында ол шекара болсын, террозим болсын не болмаса коррупция болсын содан кейін ынтымақтастық тату-тәтті елдермен тұру. Еліміз жас болғаннан кейін дамыған мемлекеттердің тәжірибесін алып, өзіміздің үлесімізді қосып, осының дамуына осындай жұмыс атқарылып келе жатыр. Сол салада Қазақстан парламенті депутаттары осы ынтымақтастыққа, қауіпсіздікке зор үлесін қосып келе жатыр деп санаймын.

Георгий Церетели, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының президенті:

- Қазақстан қашан да Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының маңызды мүшесі болды. Және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Жалпы, қазақ елінің әлеуеті өте зор. Біз президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыған байланысты жасаған мәлімдемелерін жоғары бағалаймыз.

Әр елден келген парламенттік делегация басшылары форум аясында бір-бірлерімен кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастық орнатудың түрлі аспектілерін талқылады.

Маргарета Кинер Неллен, демократия, адам құқығы мен гуманитарлық мәселелер жөніндегі ЕҚЫҰ ПА Комитетінің басшысы:

- Біз қазақстанмен орнаған ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Мен Парламенттік Ассамблеяның адам құқықтары жөніндегі комитет төрағасы ретінде қазақстандық өкілдік  пен ондағы делегация жұмысын жоғары бағалаймын. Олардың ашықтық, ахуалды талқылау, тәжірибемен алмасу және халықаралық стандарттар туралы ақпарат алуға деген ұмтылысын байқадым.

Сессия қорытындысы бойынша Люксембург декларациясын қабылданады деп күтілеуде.  Онда ұйымға мүше 57 елдің бәріне саясат, экономика, қауіпсіздік, терроризммен күрес, қоршаған ортаны қорғау, технологиялар мен гуманитарлық көмек мәселелерін жетілдіру бойынша ұсынымдар қамтылмақ. 

Автолрлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы