384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Ауғанстан халқына көңіл айтты

  • 259
  • UPD: 14:39, 08.07.2019
Мемлекет басшысы Ауғанстан халқына көңіл айтты sputniknews.kz

Ауғанстанның Газни провинциясының орталығы саналатын Газни қаласында жарылыс болып, салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 179 адам жараланғанын хабарлағанбыз.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан халқына көңіл айтты.

«Ауғанстан президенті Ғани мырзаға және ауған халқына көптеген адамның қаза болуына әкеп соққан Газни қаласындағы лаңкестік әрекетке байланысты қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы