384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрі Арыстағы жағдаймен танысты

  • 339
  • UPD: 23:37, 07.07.2019

Еліміздің қорғаныс министрі Арысқа барып, қаладағы қазіргі жағдаймен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрі қоймаларындағы мән-жайды білді. Көкке көтеріліп, қала айналасындағы аумақты бақылап шықты. Нәтижесінде нақты бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде ең бастысы – қарапайым адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сосын жарылғыш заттарды заласыздандыру жұмыстары тиісті талаптарға сай жүргізілуі керектігін қадап айтты. Нұрлан Ермекбаевпен қатар Арысқа төтенше жағдайдың себебіне қатысты министрліктің ішкі тексеріс жүргізетін бас инспекциясының арнайы комиссиясы да барды.

Хабар 24 телеарнасы