384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ ОА-да жаңа инфрақұрылымдық жобаларға қолдау білдіруге ниетті

  • 259
  • UPD: 23:39, 07.07.2019

Бұл туралы Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини қырғыз астанасында өткен Орталық Азия мен Еуроодақ елдері сыртқы істер министрлерінің 15-кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауда-сатық, көлік қатынасы мен инвестиция мәселелері де назардан тыс қалмады. 

Федерика Могерини, ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы комиссары:

– Біз бұл аймақта геосаяси ойын жүргізуді мақсат етпейміз. Сыртқы саясатымыз мүлде басқа. Керісінше, аймақтағы мүмкіндікті арттырып, жылдар бойы жалғасқан ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдетуді қалаймыз.

Сондай-ақ Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини Қазақстан мен Еуроодақтың ортақ жобалары жайындағы екі жақты мәселелерді талқыға салды. Тараптар Нұр-Сұлтан мен Брюссель арасындағы серіктестікті дамыту туралы жаңа келісімдер жайында сөз қозғады.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР сыртқы істер министрі:

– Жаңа стратегия тараптар арасындағы экономикалық, саяси және гуманитарлық серіктестіктің нығаюына мүмкіндік береді. Сол арқылы жұмысымыз үйлесім табады.

Жиын соңында Бейбіт Атамқұлов Брюссельден келген әріптесіне І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Федерика Могериниді еліміз бен Еуроодақ арасындағы жан-жақты байланыстың орнауына үлес қосқаны үшін марапаттау туралы шешім қабылдаған.

Хабар 24 телеарнасы