386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ҚР Президенті төрағалық етеді

  • 222
  • UPD: 22:14, 17.07.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы ашық әрі әділ болады. Халықпен тығыз байланыс орнайды. Президент қол қойған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ел дамуына елеулі үлес қоспақ.

Айта кету керек, құрамы бекітілген кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері кірді. Ал оны Президенттің өзі басқармақ.

Бүгін халық пен билік арасында сенімді көпір құрылды десек артық болмас. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Ұлттық кеңес жұртшылық, саяси партиялар және азаматтық қоғам өкілдерімен ашық ақылдасып, мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарын назарға алады. 

Мұхтар Тайжан, қоғам қайраткері:

- Біздің еліміз, Қазақстанымыз болашақта өркениетті, құқықты, демократиялық шынайы нарықтық мемлекетке айналуы керек. Біз ұрпаққа балаларымызға өте өркениетті мемлекет қалдыруымыз керек. Осындай жиын кеңес, сол басты мақсатымызға нақты қадам болады деп үміттенемін. 

Ал Ұлттық кеңес мүшелерінің алдында кезек күттірмейтін маңызды міндет тұр. Жұртшылық пен азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып, маңызды стратегиялық проблемаларды қарау қажет. Түрлі тұжырымдамалар, мемлекеттік бағдарламалар және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізіп отыратын болды.

Жәнібек Қожық, қоғам қайраткері:

- Қоғамдық сенім кеңесі билік пен халық арасындағы алтын көпір болады деп сенем. Сол кеңеске кіргеннен кейін мемлекетке де халыққа да тиімді ірі жобаларды талқылап, жеткізіп, көптеген заңдардың шығуына шама келгенше ықпал жасаймыз деген ойдамыз.

Ал Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай жылына үш реттен өткізіледі. Оған президенттік сайлауға қатысқан кейбір кандитаттардан бастап, Қайрат Жолдыбайұлы, Саясат Нұрбек, Рақым Ошақбаев, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан, Арман Шораев, Асхат Садырбай секілді әр толқынның өкілдері мен белсенділер кірген.

Авторы: Айнұр Қуатқызы

Хабар 24 телеарнасы