386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент көмекшісі Қ.Тоқаевтың жарлығына қатысты пікір білдірді

  • 197
  • UPD: 22:51, 18.07.2019

Қазақстан президентінің көмекшісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропа елдеріндегі дипломатиялық миссияларын қайта құруға қатысты жарлығына түсіндірме берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұрат Нұртілеуовтың айтуынша, бұл қадам Қазақстанның кәрі құрлықтағы мемлекеттермен өзара іс-қимылды тереңдетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар елімізге шетелдік инвесторлардың көптеп келуіне ықпалдаса алады.

Мұрат Нұртілеуов, ҚР президентінің көмекшісі:

– Қазақстанның Болгария, Латвия, Португалия, Сербия, Словакия және Эстония елдеріндегі дипломатиялық миссияларға толыққанды елшілік мәртебесін беру – Еуропа мемлекеттерімен өзара іс-қимылдарды тереңдетуге бағытталған маңызды қадам. Аталған бастама мемлекетіміздің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметін әртараптандыруға арналған міндеттерді жүзеге асыруды көздейді.

Хабар 24 телеарнасы