386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев А.Саинды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындауына қатысты пікір білдірді

  • 192
  • UPD: 10:07, 19.07.2019
Қ.Тоқаев А.Саинды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындауына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аружан Саинды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындауына қатысты пікір білдірді.

«Белгілі қоғам қайраткері Аружан Сайынды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл етіп тағайындадым. Жемісті жұмыс атқарады деп сенемін. Сенатор Сәуле Айтпаеваға осы лауазымдағы жұмысы үшін ризашылық білдіремін», - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, таяуда Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы