386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті кездесу 1-2 тамызда өтеді

  • 228
  • UPD: 12:47, 19.07.2019
Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті кездесу 1-2 тамызда өтеді

2019 жылғы 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 13-халықаралық кездесу өтеді.

Алдағы кездесуге кепілгер елдер, яғни Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ мен Иорданияның, сондай-ақ Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процесіне алғашқы рет қатысатын Ирак пен Ливанның жоғары деңгейіндегі өкілдері сирияаралық келіссөздерге септігін тигізеді.

Кездесу Сириядағы, әсіресе Идлиб провинциясы мен елдің солтүстік-шығысындағы қазіргі ахуалды талқылауға, қақтығысушы тараптар арасындағы сенімді нығайтуға және саяси процесті одан әрі ілгерілетуге, сондай-ақ Сирия бойынша конституциялық комитетті құру және іске қосу бойынша жұмысты аяқтауға баса назар аударады.

1 тамызда екіжақты және көпжақты, соның ішінде Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуымен, алдын ала консультациялардың өткізілуі жоспарлануда, ал жалпы отырыс 2 тамызда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы