386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

  • 351
  • UPD: 13:18, 19.07.2019
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады Akorda.kz

Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Арыстанғани Расылханұлы Заппаров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне;

Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен;

Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы