386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Дорнфельдт: Әлеумет те қамтылған, әлеуметтік мәселелер де қарастырылған

  • 197
  • UPD: 15:22, 20.07.2019

Қазақстан президентінің Үкіметтің кеңейтілген отырысында қойған міндеттерін неміс саясаттанушылары да талқылап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маттис Дорнфельдтің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев жиында әлеуметтік маңызы зор мәселелерге көп көңіл бөлді. Себебі жалақыны өсіріп, жұмыс орындарын ашып, мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету тұрғындарға күшті қолдау. Бұл азаматтардың әл-ауқатын арттырады.

Маттис Дорнфельдт, саясаттанушы:

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелерімен кездесіп, әлеуметтік реформаларды жалғастыруды талқылады. Олардың бірқатарын атап өткім келеді. Студенттердің шәкіртақысын өсіру өте дұрыс. Бұл жастарды ынталандырады. Жалақыны өсіру мен еңбекақысы төмен азаматтардың салықтық міндетін жеңілдету де өте орынды. Менің ойымша, бұл өте қажетті реформалар. Осы шаралардың арқасында адамдардың тұрмысы одан әрі жақсарады.

Хабар 24 телеарнасы