384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 327
  • UPD: 12:41, 20.07.2019
Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады akorda.kz

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Киото қаласында анимациялық студияда болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Өрт салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы