Мемлекет басшысы Урсула фон дер Ляйенді Еуропалық комиссияның төрағасы болып сайлануына байланысты құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Келешегі бар әртүрлі салаларда сізбен бірлесіп жұмыс істейтінімізге үміттенемін және алдағы жылдардағы маңызды бастамаларымызды жүзеге асыруда сіздің тарапыңыздан қолдау болады деп санаймын», – деп жазды Қазақстан президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссия төрағасына амандық, жауапты қызметіне мол табыс тіледі.