386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан ішкі мәселелерді реттеуге күш салады – шетелдік сарапшы

  • 204
  • UPD: 13:46, 21.07.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттері Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін өте маңызды, дейді Германияның Орталық Азия елдері бойынша сарапшысы Гюнтер Кнабе.

Кнабе алдымен әлеуметтік мәселелердің шешім табуы тұтас мемлекеттегі тұрақтылыққа негіз екенін айтады. Әрі әлгі тапсырмалар жүзеге асқан жағдайды Қазақстан дамудың келесі кезеніне өтеді деп санайды. 

Гюнтер Кнабе, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы:

– Қазақстанның сыртқы саясатына тоқталар болсақ, бұл ел Орталық Азиядағы беделді әрі ықпалды мемлекетке айналды деп айта аламын. Енді ішкі саясатқа да жете мән берілуі керек шығар. Халық мемлекеттің алға қарыштап дамып жатқанын сезініп отыруы тиіс. Үкімет әрдайым тұрғындардың жағдайын ойлауы керек. Осы ретте табысы аз тұрғындардың несиелерін кешіру туралы шараның маңыздылығын атап өткім келеді. Бұл – өте орынды шешім. Дәрігерлердің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысын өсіру және ауруханалар салу да – өте дұрыс қадам. Бұл – болашаққа салынған инвестиция.

Хабар 24 телеарнасы