386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев президент қызметіне қалай үйренісіп жатқаны туралы айтты

  • 249
Қ.Тоқаев президент қызметіне қалай үйренісіп жатқаны туралы айтты

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетіліп жатқан «Президент 2.0» бағдарламасында өзінің бұл қызметке қалай үйренісіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бастапқыда «Президент, Президент» деген сөздерді естігенде Нұрсұлтан Әбішұлы келген екен деп қалатынмын. Білесіз бе, бірақ бәріне уақыт қажет. Адам жақсыға тез үйренеді ғой. Әрине, мен президенттің міндеті ауыр жүк екенін түсінемін. Қалай дегенмен де бүкіл мемлекеттің, оның халқының қауіпсіздігі мен тұрмыс-тіршілігіне жауап беру қажет. Жасыратын несі бар, сонда да президенттік міндет құрметке ие», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев журналистің сұрағына жауап бере отырып.

Мемлекет басшысы өзінің бұл қызметке келуін билік транзиті ретінде бағалайтынын да айтты.

«Біздің жағдайда бұл қазір елдің бәрі айтып жүргендей билік транзиті режимінде болды», – деп толықтырды Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы