386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Балаева ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды

  • 253
  • UPD: 13:05, 22.07.2019
А.Балаева ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                          Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  22  шілде 

№ 78

Мемлекет басшысының Өкімімен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдап, орыс тілі және орыс тілі әдебиетінің мұғалімі мамандығын алған. Одан бөлек, Қазақ ұлттық аграрлық университетінен заңгер мамандығын алып шыққан. Әлеуметтану ғылымының кандидаты.

«Құрмет» , «Парасат» ордендерінің иегері.

Хабар 24 телеарнасы