386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Жиенбаев ҚР Премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

  • 218
Ержан Жиенбаев ҚР Премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

ҚР премьер-министрінің өкімімен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев ҚР Премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002-2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек еткен.

2005 жылдан бастап ҚР Премьер-министрі кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді. Аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2013 жылдары – ҚР Премьер-министрі кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Хабар 24 телеарнасы