385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Юкия Аманоны тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын боламыз

  • 244
  • UPD: 17:30, 23.07.2019
Елбасы: Юкия Аманоны тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын боламыз Zakon.kz

Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

«Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы тығыз ынтымақтастық Юкия Аманоның жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды.

Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Амано мырзаның отбасына, агенттік ұжымына және Жапония үкіметіне көңіл айтамын.

Юкия Аманоны беделді және халықаралық қауіпсіздіктің нығаюына орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын боламыз», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы