386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Тунис президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

  • 256
  • UPD: 12:02, 26.07.2019
Мемлекет басшысы Тунис президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты Akorda.kz

Мемлекет басшысы Тунис президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының атынан және жеке өзінің атынан Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Қазақстан халқы Беджи Ас-Себсиді парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.

 

Хабар 24 телеарнасы