386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп француз шараптарына салықты өсіруі мүмкін

  • 190
  • UPD: 18:19, 27.07.2019
Трамп француз шараптарына салықты өсіруі мүмкін

АҚШ Президенті Дональд Трамп Францияның шараптарына салықты өсіруі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оған Париждің кей халықаралық компанияларға Цифрлық салық салу туралы заң қабылдауы себеп. Вашингтонның пікірінше, құжат Американың «Гугл», «Амазон» сынды технологиялық алпауыттарына салқынын тигізеді. Сондықтан АҚ үй әкімшілігі қарымта шара қабылдамақ. Еске сала кетейік, Франция сенаты шілденің 11-і күні цифрлық қызмет көрсететін кей шетелдік компанияларға салық салу туралы заң қабылдаған. Салықтың жаңа түрі әлемдегі кірісі 750 млн еуро, ал Франциядағы табыс көлемі 25 млн еуро болатын компанияларға салынады.

Хабар 24 телеарнасы