386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері тағайындалды

  • 177
  • UPD: 13:09, 31.07.2019
ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері тағайындалды

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасарлары тағайындалды. 

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі болып қайта аталуына байланысты ҚР Үкіметінің қаулысымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері қызметтеріне Марат Рахмалыұлы Нұрғожин, Асхат Елубайұлы Оразбек, Абылайхан Есенұлы Оспанов, Дарын Шылбыұлы Тұяқов тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Марат Нұрғожин 1957 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Н. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы бастаған. Түрлі жылдары Қарағанды политехникалық институтында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, Білім және ғылым министірлігінде, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ жұмыс істеген.

2016–2019 жылдары — қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі. 2019 жылғы сәуірде цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

Асхат Оразбек 1976 жылы Қарағанды қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қолданбалы математика институты зертханасының инженері болып бастаған. Түрлі жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі секторының меңгерушісі болды, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Транстелеком» АҚ басшылық лауазымдарды атқарды.

2017 жылдың ақпанынан бастап ҚР Блокчейн және криптотехнологияларды дамыту қауымдастығының вице-президенті болды.

2019 жылғы сәуірде цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды. Абылайхан Оспанов 1986 жылы Алматы қ. дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Түрлі жылдары «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабында, түрлі коммерциялық ұйымдарда, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ішкі істер, байланыс және ақпарат, көлік және коммуникациялар, инвестициялар және даму министрліктерінде, ҚР ақпарат және байланыс агенттігінде, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының қабылдауында, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ жұмыс істеді.

2017–2019 жж. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы болды.

2019 жылғы сәуірде цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды. Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ю.В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси әуе қорғанысы училищесін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Әуе қорғаныс күштері радиотехникалық әскер жеке радиолокациялық ротасының командирінің орынбасары, ҚР Әділет министрлігінің жетекші кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2002 жылдан 2018 жыл аралығында «Қазақтелеком» АҚ түрлі қызметтерде — заң бөлімінің бастығынан бас директорға, Аппарат басшысы, Басқарма мүшесіне дейінгі қызметтерді атқарды.

2018–2019 жж. — ақпарат және коммуникациялар вице-министрі. 2019 жылғы сәуірде цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы