386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия бойынша кезекті келіссөз үшін кепілгер елдер Нұр-Сұлтанда бас қосады

  • 240
  • UPD: 18:32, 31.07.2019

1 тамызда Сирия бойынша кезекті келіссөздер басталады.

Нұр-Сұлтан қаласында бейбіт процеске кепілгер елдер - Иран, Ресей және Түркия делегациялары бас қосады. Сондай-ақ бір үстел басына Сирия парламентарийлері мен қарулы оппозиция өкілдері отырады.

Бұл басқосуда талқыланатын басты тақырып – Идлиб провинциясындағы жағдай болып отыр. Бүгінде бұл аймақта түрлі қарулы топтар әрекет етуде. Қазақстанда өтетін бейбіт келіссөздердің 13-кезеңі жауласқан тараптар арасында сенім орнатуға бағытталған. Сондай-ақ конституциялық комитеттің жұмысын бастау көзделіп отыр.   

Аббас Кучнежад, халықаралық құқық докторы:

– Бір күнде соғысты тоқтату мүмкін емес, бірақ осы бағытта жұмысты бастап кету маңызды. Конституциялық комиссияны құру және оның жұмыс тетіктерін қалыптастыру бейбітшілік орнатуға жасалған алғашқы қадам болмақ. Қазақстанда бұл мәселе бойынша келісімдер жасалуы мүмкін.

Иран делегациясын сыртқы істер министрінің саяси сауалдар бойынша көмекшісі Али Асгар Хаджи бастап келеді. Тараптар Сирия үкіметі және оппозициялық топтар өкілдерінің қатысуымен көпжақты кеңесулер өткізеді. Айта кетер бір жайт, Сирия оппозициясының осы келіссөздерге қатысу-қатыспауы соңғы уақытқа дейін белгісіз болған.

Мехди Бозорг, саясаттанушы:

– Оппозицияның келіссөздерге қатысуы – бұл форум мен Қазақстанның үлкен жетістігі. Бұл бейбіт алаң ретінде осы мемлекеттің таңдалуы дұрыс шешім болғанын айғақтап отыр. Олар бірден келіскен жоқ, бірақ ертең келіссөздер өтетін үстел басына отырады. Оппозиция соғыстың тоқталуын қаламайды деп ойлау дұрыс емес. Олар өздері атысты тоқтату мен конституциялық комитет құруды ұсынатынын сенімдімін.

2 тамызда үлкен пленарлық мәжіліс өтуі тиіс. Онда осы басқосудың қорытындысы жарияланып, келесі кездесулердің мақсаттары анықталмақ.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы