386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік кадрлық резервке іріктеу басталды

  • 170
  • UPD: 19:16, 01.08.2019

«Президенттік кадрлық резервке» іріктеу басталaды.

Тұңғыш рет түрлі салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жастар қатыса алады. Ол үшін бірнеше кезеңдік бағалаудан өту қажет. «Президенттік кадрлық резерв» жобасына қатысуға онлайн өтінім жолдауыңызға болады.

Дархан Жазықбаев, ҚР МҚІА төрағасының орынбасары:

- Бүгін мемлекеттік қызмет білімді әрі отаншыл жастарға барынша ашық. Дамудың осы кезеңінде еліміз білімді басқарушыларды қажет етеді. Біз мемлекеттік қызметті тиісті біліммен дараланған, сондай-ақ қазіргі қоғамның қажеттілігін жетік білетін білікті азаматтарды көргіміз келеді. Біз іріктеу объективті және ашық өту үшін барлық жағдайды қарастырудамыз.

Хабар 24 телеарнасы