ҚР СІМ АҚШ-тың ракеталарды жою туралы шарттан шығуына қатысты мәлімдеме жасады
- 822
- UPD: 12:23, 06.08.2019

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең маңызды факторының бірі – Орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шарттан шығу туралы шешіміне байланысты алаңдаушылығын білдіреді.
Шартты денонсациялау жаңа жанталаса қарулануға әкелуі және жаһандық ауқымда ауыр салдары болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы барлық тараптармен Шарттың сақталуын және мүлтіксіз орындалуына әрқашан қолдау көрсетіп, сондай-ақ ядролық қаруды тасымалдау құралдарының бүтін тобын жоюға және Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың IV бабына сәйкес ядролық қарусыздануда елеулі прогреске қол жеткізуге мүмкіндік берген Шарттың бірегей тарихи келісім ретінде бұлжымас құндылығын растайды.