386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімін қабылдады

  • 200
  • UPD: 17:25, 06.08.2019
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімін қабылдады akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. 
 
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, Президентке тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта да Атырау облысының даму қарқынын сақтап, одан әрі арттыру, өңір инфрақұрылымын жаңғырту қажет екенін атап өтті.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар тобына жан-жақты қолдау көрсетуді, сондай-ақ барлық салалық бағдарламалардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 
 
 
 
Хабар 24 телеарнасы