Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізгені үшін ҰҚК-ге алғыс айтты
- 486
- UPD: 23:44, 06.08.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізгені үшін ҰҚК-ге алғыс білдірді.
– Киберқалқан бағдарламасы аясында қауіпсіздік сертификаты тестілеуден өткізілді. ҚР ақпараттық кеңістігінің қорғалғандығы, сертификатты тек сырттан басып кіру жағдайларында пайдалануға болатындығы дәлелденді. Желі қолданушылары үшін қолайсыздық жоқ. ҰҚК-не ризашылығымды білдіремін, – деп жазды Президент твиттер парақшасында.