386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев хоккейден Президент Кубогі турнирінің ашылу рәсіміне қатысты

  • 121
  • UPD: 22:36, 07.08.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Кубогіне арналған шайбалы хоккейден 10-халықаралық турнирдің ашылу рәсіміне қатысты.

Дәл қазір Мемлекет басшысы елордалық «Барыс» пен Татарстанның «Ақ Барс» клубтары арасында өтіп жатқан алғашқы матчты тамашалап, қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетуде.

Айта кетейік, байрақты бәсекеге 5 команда қатысып жатыр. Олардың қатарында еліміздің «Барысынан» бөлек Ресейдің «Салават Юлаев», «Нефтехимик», «Ак барс» және «Автомобилист» клубтары бар. Жарыс 4 күнге созылады.

Хабар 24 телеарнасы