386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасын қабылдады

  • 228
  • UPD: 15:12, 08.08.2019
Президент Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады.
Мемлекет басшысына орталықтың ағымдағы жұмыс нәтижелері мен жетістіктері, алдағы даму мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Ю.Пя Президентке жұмыс істеп тұрған орталықтың негізінде ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесін құру жоспары туралы айтты. Аталған жоба халықаралық серіктестермен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Президенті орталықтың дамуына ұдайы қолдау көрсететінін айтып, еліміздегі медициналық қызметтердің сапасын арттырып, қолжетімді ете түсудің өте маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы