386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы жоспар бойынша өтеді

  • 146
  • UPD: 19:01, 08.08.2019
Қырғызстандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы жоспар бойынша өтеді inozpress.kg

Қырғызстандағы жағдайға қарамастан тамыздың 9-ына белгіленген Еуразиялық парламентаралық кеңестің отырысы Чолпон-Атада өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді. Ақпарға қарағанда, ертеңге белгіленген барлық шара жоспар бойынша жүреді. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдері премьер-министрлері Ыстықкөлге бүгін келуі тиіс. Кездесудің негізгі іс-шаралары ертең өтеді. Чолпон-Атаға Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин де барады.

Еске сала кетейік, ертең Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Еуразиялық парламентаралық кеңестің мерейтойлық отырысы жоспарланған. Ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер премьер-министрлерінің қатысуымен өтеді. Күн тәртібіне 15 сұрақ енгізілген. Олардың арасында трансшекаралық өзара әрекет, ауылшаруашылық кешенін дамыту бойынша бірлесекен болжам, спирттік ішімдік нарығын реттеу сынды мәселелер бар.

Хабар 24 телеарнасы