385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті

  • 204
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. 

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан президентінің биылғы күзге жоспарланған Бішкекке сапарының аясында қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі арттыруға бағытталған алдағы өзара іс-қимылдарды талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз халқына бейбітшілік, тыныштық және береке тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы