386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Қырғызстандағы шиеленіс елде сенімді саяси жүйенің қалыптаспағанын көрсетеді

  • 117
  • UPD: 23:16, 08.08.2019
Саясаттанушы: Қырғызстандағы шиеленіс елде сенімді саяси жүйенің қалыптаспағанын көрсетеді abai.kz

Еліміздің саясаттанушылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қырғыз еліндегі саяси дағдарысқа қатысты ұстанымын қолдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, мемлекет басшысының көрші елдегі жағдайға алаңдауы орынды. «Сондай-ақ өзге елдің ішкі ісіне араласпай, сырттан бақылауы дұрыс», – дейді. Мысалы, Расул Жұмалы өзінің Facebook-тегі парақшасында «Қырғызстандағы кезекті шиеленіс елде толыққанды тұрақтылық, сенімді саяси жүйенің қалыптаспағанын көрсетеді» деп жазды. Саясаттанушының пікірінше, қырғыз елінің бұрынғы президенттерінің ісі сабақ болуы тиіс еді.

Ал мемлекет және қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы: «Атамбаев заң бұзса, жауап беруі тиіс», – дейді. Саясаттанушы көрші елде теріс үрдіс қалыптасып келеді деген пікірде. Демократиялық жолмен сайланған президенттерінің еліне қиянат жасауы, сосын қудалануы соның айғағы. Ол: «Мүмкін осылай-осылай келесі президенттер тиісті қорытынды жасап, еліне адал қызмет етер», – деп жазған Facebook парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы