386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады

  • 177
  • UPD: 18:15, 09.08.2019

 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов қордың өндірістік және қаржы көрсеткіштері жайлы баяндады. Мәселен, 2019 жылдың жарты жылдығында кіріс көлемі 749 миллиард теңгеге жеткен. Бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 50 процентке көп. Сондай-ақ Елбасы қазақстандықтардың өмірін жақсартуға арналған әлеуметтік жобаларға қатысудың маңызын да атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев, әсіресе «Қамқорлық» бастамасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мәселесіне айрықша назар аударды.    

Хабар 24 телеарнасы