384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Бейсенбаев Қазақстанның Беларусьтегі елшісі болып тағайындалды

  • 383
А.Бейсенбаев Қазақстанның Беларусьтегі елшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ал оның алдында мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды.

Хабар 24 телеарнасы