386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдың жаңа әкімі тағайындалды

  • 141
  • UPD: 17:07, 12.08.2019
Оралдың жаңа әкімі тағайындалды bnews.kz

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды.

Бұған дейін қала әкімі болған Мұрат Рахметұлы Мұқаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігі және Орал қаласы мәслихатының келісімімен ротация бойынша Орал қаласының әкімі болып Абат Абайұлы Шыныбеков тағайындалды. Шыныбеков Абат Абайұлы 1973 жылы дүниеге келген. Білім жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Еуразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын «Экономика және менеджмент», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының магистрі. Ол әр жылдары Қаратөбе ауданының әкімі аппаратында маман, бас маман, бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор, Казталов ауданының әкімінің орынбасары болып қызмет істеді. Кейін Орал қаласы әкімдігінде бөлім бастығы, әкім кеңесшісі және «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат хатшысы, Сырым ауданының әкімі болды. 2017 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін Казталов ауданының әкімі болып қызмет атқарған.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы