386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапарына қатысты дайындық мәселелері талқыланды

  • 100
  • UPD: 10:11, 16.08.2019
Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапарына қатысты дайындық мәселелері талқыланды mfa.kz

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Лэ Юйчэнмен кездесті. 

Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектерін, сондай-ақ жоғары және биік деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бағыттарын талқылады. 

Ерекше назар ү.ж. қыркүйек айында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне аударылды. Өз кезегінде, қытайлық дипломат мемлекет басшысының Қазақстан – Қытай қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ осы жылдың екінші жартысында өткізілуі жоспарланған көпжақты халықаралық іс-шаралар күнтізбесі мен өзара сапарлар кестесі талқыланды.

Қазақстан – Қытай қарым-қатынастарының жан-жақты стратегиялық әріптестігінің оң серпінін сақтау мақсатында саяси, парламентаралық, партияаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық тұрақты байланыстарды дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы