385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрлан Нығматулин Twitter-ге тіркелді

  • 124
  • UPD: 12:02, 19.08.2019
Нұрлан Нығматулин Twitter-ге тіркелді parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Twitter әлеуметтік желісінде @NigmatulinKZ атауымен өзінің жеке аккаунтын ашты.

Оның айтуынша, бұл – бұқарамен байланыс орнатып, пікір алмасуға бағытталған қадам. 

Нұрлан Нығматулиннің алғашқы жазбасы Мәжілістің жұмысы, заңдағы жаңашылдықтар турасында болды. Сондай-ақ ол желі қолданушылары тарапынан келіп түскен ұсыныстар депуттардың жұмысында назарға алынатынын мәлімдеді.

«Мәжіліс ашықтық пен  әріптестікке әркез дайын. Біз түйіткілді сұрақтардың түйінін тек бірігіп қана шеше аламыз », – деп атап өтті ол бейнежолдауда.

Хабар 24 телеарнасы