387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің, қоғамның бірлігі қажет – Елбасы

  • 201
  • UPD: 11:55, 21.08.2019
Алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің, қоғамның бірлігі қажет – Елбасы

Алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің, қоғамның бірлігі қажет.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгін біз ел дамуының негізгі бағыттары бойынша біраз мәселе туралы айтатын боламыз. Партия мүшелерінің қатысуымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Үкімет мүшелері, партияның Мәжілістегі фракциясы, облыстардағы филиалдардың жетекшілері қатысып отыр. Биыл партиямыз үшін, еліміз үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын білеміз. Екі съезд өткіздік, партиямыздың 20 жылдығын атап өттік. Маусым айында Президент сайлауында біздің кандидатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетті», - деді отырысты ашқан Елбасы. ҚР Тұңғыш Президентінің атап өтуінше, халық Тәуелсіздік жылдарында еліміздің билік партиясы атқарған жұмыстардың барлығын көріп отыр.

«Дегенмен, өмір бір орнында тұрмайды. Бәрі өзгеріске ұшырап жатыр. Бүкіл әлемде де саяси партиялар бүгінгі күні жаңа міндеттермен бетпе-бет келуде. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрақсыздық кезеңінде алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің ішіндегі, сонымен қатар қоғамдағы бірлік қажет. Онсыз үлкен міндеттерді орындау мүмкін емес. Жаңа саяси жағдайда партияның рөлі айтарлықтай өсе түседі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мұнан соң Елбасы отырыста «Nur Otan» партиясы алдындағы тұрған міндеттерді сөз етіп, мұнан арғы шараларды талқылауды ұсынды. Отырысқа қатысушылар бұл ұсынысты толық қолдады. Қазіргі уақытта Үкімет басшысы Асқар Мамин партияның сайлауалды бағдарламасындағы міндеттердің орындалу барысы жайында баяндама жасауда. Ал одан кейін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сөз сөйлейді.

Хабар 24 телеарнасы