385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уақыт өте келе саяси партиялар жаңа мәселелермен бетпе-бет келеді – Н.Назарбаев

  • 183
  • UPD: 15:43, 21.08.2019

Елбасы тапсырған «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары аясында атаулы әлеуметтік көмектің көлемі артты.

Шілде айынан бастап, мүгедек балалар үшін төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі ұлғайды. Елбасының төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінің отырысында Премьер-министр Асқар Мамин осы және өзге де әлеуметтік іс-шаралар туралы баяндады. Үкімет жауапкершілігі жоғары міндеттерді партиямен тығыз қарым-қатынаста іске асырып жатқанын айтты. Маусым айының басынан бюджеттік қызметкерлердің айлығы 30 процентке өсті. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасында біраз өзгеріс болды. Тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы аз қамтылған отбасыларға жеңілдікпен несие беру жүйесі іске қосылды. Бұл мақсатқа алдағы 3 жылда 50 млрд теңге бөлінеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Народ видит результат нашей работы, все, что мы в годы независимости делали и принимали решения, законы, практические действия - все это было с участием нашей партии. Но жизнь не стоит на месте, все меняется и политические партии во всем мире сталкиваются с новыми задачами. Как показывает международный опыт, в период нестабильности, для движения вперед необходимо единство внутри ведущей политической силы, так и в обществе в целом. Без этого больших задач достичь невозможно. В новых политических условиях роль партии существенно возрастает.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Партия әрқашанда күрделі мәселелердің оңтайлы жолын тауып, тиімді шешімдер қабылдап келеді. Біздің ортақ мақсатымыз – халқымыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға, елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, қоғамның тұрақтылығын сақтауға бағытталған партия лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамалары мен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыру. Жаупкершілігі мол бұл міндеттерді партиямен тығыз қарым-қатынаста іске асырудамыз.

Хабар 24 телеарнасы