386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстан-2021: Бірлік, бейбітшілік, жасампаздық» бағдарламасында көрсетілген міндеттердің 70% орындалған

  • 183
«Қазақстан-2021: Бірлік, бейбітшілік, жасампаздық» бағдарламасында көрсетілген міндеттердің 70% орындалған elbasy.kz

Түрлі проблемалар бойынша халық алдына шығып, жауап беруден қорықпау керек.

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Әкімдер мен министрлер жауапкершіліктен қашпай, керісінше, мәселелерді шешу жолын іздеуі тиіс. Сондай-ақ Елбасы биліктің барлық деңгейіне партиялық жауапкершілікті күшейту қажеттігін айтты. Жалпы партияның «Қазақстан – 2021: Бірлік, бейбітшілік, жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттердің 70 проценті орындалған. Қалған мәселелер сараланып, іске асатын болады. Саяси кеңес отырысында Елбасы айтқан ұсыныстар мен бастамаларды партия мүшелері толық қолдап отыр.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

– Қоғамның ашықтығы – қиындықтарды, мәселелерді бүкпесіз айту және шешу. Нақты ауылға, кәсіпкерлікке, жастарға, салыққа қатысты көптеген мәселелерге қатысты ашық айтылды. Және жақсы ұсыныстар болды. Партияның бастауыш ұйымдарының жұмыстардың жандандыру, депутаттық корпустың жұмысын заманға сай үйлестіру деген сияқты. Соның барлығы да бұл заманның өзгерісіне сай болу дегенді білдіреді.

Дархан Қыдырәлі, Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының мүшесі:

– Ең бірінші мұнда жұртшылықтың сенімі. Сол үшін қоғаммен диалог аса маңызды. Партия ел ішінде болуы керек. Әсіресе, бастауыш партия ұйымдары жұмысын жандандыру керек деген тапсырма қойды. Сондықтан жалпы шығармашылық өкілдері, ел азаматтары әлеуметтің әлеуеттін арттыру үшін қазіргі ел арасындағы мәселелерді көтеріп, соның нақты шешу жолдарын айту үшін зиялы қауым белсенді болуы керек деп ойлаймын.

Ғалиасқар Сарыбаев Nur Otan партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

– Көп мәселе үйге байланысты, осыған орай қазір партия жергілікті жерлерде атқарушы органдар өздері қаржы бөліп, үйлер салуда. Сондай-ақ қосымша бизнес құрылымдар, демеушілер үй беруде. Әрине біз оған дұрыс қарауымыз керек. Ішінде бәрін зерделеу керекпіз. Қаладан ауылға көшіп келіп жатқандар бар. Соның бәрін саралап, қарауымыз керек. Кім мұқтаж, соларға көмек беру керек. Мысалы, Алматы облысының өзінде демеушілер арқылы 150 адамға үй берілді.

Ибадулла Құттықожаев, Nur Otan партиясының Қызылорда облыстық мәслихатының фракция жетекшісі:

– Шын мәнінде қазір қоғамдағы сын-қатердің алдын алуда, оны еңсеруде, облыстық бюджеттерді қалыптастыруда, бағдарламарды орындауда, жергілікті жерлерде тұрғындардың проблемаларын шешуде шын мәнінде фракция мүшелері өздерінің қажеттіліктерін танытулары керек. Сондай-ақ халықтың ішіне жиі барып, қабылдаулар өткізіп, кездесулер өткізу, көшпелі жиындар өткізу халық пен партияның жақындығын білдіреді.

Хабар 24 телеарнасы