385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

  • 274
  • UPD: 22:48, 22.08.2019

Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Онда екі жарым жыл ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі сараланды. Марат Тәжин бағдарламаның барлық бағыты бойынша ауқымды жұмыс атқарылғандығын атап өтті. Мәселен, латын графикасына көшу процесі үкіметтің іс-шаралар жоспарына сай жалғасуда. Қазір бұл бағыт бойынша 4 топ жұмыс істеп жатыр. Бұдан бөлек,  ірі халықаралық баспалармен бірлесе отырып, ғылымның бірнеше бағытын қамтитын 48 оқулық қазақ тіліне аударылды. «Туған жер» жобасы аясында 2 мыңға жуық мәдени, білім, спорт нысаны жаңадан салынды. Тағы 1500 қайта қалыпқа келтірілді. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша 28 тарихи нысанда жөндеу жұмысы жүргізілді. «Отырар» және «Тамғалы» орталықтарының құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінгі жиында алдағы кезеңнің міндеттері талқыланды. Қыркүйек айында Қазақстан астанасында Азия қаламгерлерінің бірінші форумы өтеді. Оған 40-қа жуық елдің ақын-жазушылары қатысады деп жоспарланып отыр. 2020 жыл Еріктілер жылы деп жарияланды. Осыған байланысты Марат Тәжин мемлекеттік органдарға студент жастардың қоғамдық қызметтеріне қолдау көрсетуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы