386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин Татарстанда Дмитрий Медведевпен кездесті

  • 193
  • UPD: 11:35, 23.08.2019

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды.

Үкімет басшысы Татарстанда ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен кездесті.

Екі елдің премьер-министрлері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин негізін салып, дамытқан стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Тараптар биыл сәуір айында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысын талқылады. Жұмыс сапары барысында Асқар Мамин Татарстанның алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады. Бұған қоса, Асқар Мамин Қазан тікұшақ зауытында болып, «Химград» технополисін аралады. Жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-министрі Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен бірге «WORLDSKILLS KAZAN 2019» чемпионатының ашылу салтанатына қатысты. Чемпионат қарсаңында Асқар Мамин ұлттық құрамамен кездесіп, оларға жарыстарда сәттілік тіледі.  

Юрий Пустовгаров, «Қазан тікұшақ зауыты» ААҚ басқарушы директоры:

– Қазақстан Республикасы мен «Қазан тікұшақ зауыты» арасындағы ынтымақтастық 1991 жылдан бері жалғасып келеді. Бүгінде елдеріңізге 43 әуе техникасын жеткіздік. Олар: әскери және жолаушыларға арналған Ми-17 мен Ми-171 тікұшақтары. Сондай-ақ біз техниканы жаңғырту бойынша жұмыстарды да ұдайы атқарып жатырмыз. Сонымен қатар Қазақстандағы 405-ші авиа-жөндеу зауытымен де тығыз байланыс орнаттық. Болашақта «Аңсат» тікұшақтарын Қазақстан аумағында құрастыруды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы