387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан делегациясы ШЫҰ ҰҮК бірінші отырысына қатысты

  • 124
  • UPD: 15:51, 25.08.2019
Қазақстан делегациясы ШЫҰ ҰҮК бірінші отырысына қатысты

2019 жылғы 20-23 тамызда Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымында (ШЫҰ) ресейлік төрағалығы шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің бірінші отырысы өтті. 

Іс-шараға ШЫҰ мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ерлан Әлімбаев қатысты.

Отырыста Ресейдің ШЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары, мүше мемлекеттер басшыларының бастамаларын іске асыру барысы, осы жылғы 31 қазан - 1 қарашада Ташкент қаласында өтетін Ұйым елдері Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына, сондай-ақ басқа да жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық жұмыстары талқыланды.

Сонымен қатар Қазақстан делегациясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхай ұйымы шеңберіндегі бастамаларын ілгерілету бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.  

Іс-шара аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Ұлттық үйлестірушілері және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты өкілдерінің бейресми консультациялары өтті. Қатысушылар екі ұйым арасында ықпалдасудың ықтимал жолдарын дамыту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Хабар 24 телеарнасы