389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ә.Өскенбаев Nur Otan партиясы Орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды

  • 239
  • UPD: 16:50, 26.08.2019
Ә.Өскенбаев Nur Otan партиясы Орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Әнуар Өскенбаев партияның Орталық аппаратының басшысы болып тағайындалғанын хабарлады.

«Әнуар Өскенбаев партия Орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол әр жылдары Есеп комитетінде жұмыс істеп, партияның Аудит қызметін басқарды. Аймақтық тәжірибесі де мол. Оның Елбасының қайта жандандыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға үлкен үлес қосатынына сенімдімін», – деп жазды Б.Байбек өзінің twitter-дегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы