386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы жұмысын тоқтатты

  • 133
  • UPD: 21:12, 26.08.2019
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы жұмысын тоқтатты

Демократиялық күштердің «Қазақстан 2050» жалпыұлттық коалициясы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

8 жылдың ішінде бұл алаңда азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдар талай қызыл кеңірдек болып, саяси, экономика, әлеуметтік және мәдени салаларды дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқыға салды. Қоғамдық һәм саяси күштерді біріктірген ұйым қызметін тоқтатқанмен, онда бастау алған бастамалар Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алаңында жалғасын табады, дейді «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. Бүгінде бұл Кеңес жалпыұлттық диалогтың жаңа форматына айналмақ. Оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі төрағалық етеді.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Басқа алаңдарда кездесеміз деп ойлаймын. Көп мәселелерді талқылаймыз. «Nur Otan» партиясы, біздің әріптестеріміз де осындай диалогқа дайын деп ойлаймын. Партияның әртүрлі мүмкіндіктері бар. Біз де мемлекеттік емес саяси ұйым. Сондықтан біз кез келген жағдайда көмектесеміз. Ол жұмысты жалғастырамыз. Сонымен біздің жалпыұлттық коалицияның соңғы отырысы жабық деп жариялаймын.

Хабар 24 телеарнасы