386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен қазақстандық спортшы қызды құттықтады

  • 182
  • UPD: 13:02, 27.08.2019
Қ.Тоқаев Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен қазақстандық спортшы қызды құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен қазақстандық спортшыны құттықтады.

«Спортшы қызымыз Әнел Сытдықова Қазақстанның тарихында тұңғыш рет және әлемде алғашқылардың бірі болып, Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Мықты ерік-жігер мен хас шеберліктің керемет үлгісін көрсеттің. Жарайсың, Әнел!» деп жазды президент твиттерде.

Еске сала кетсек, таяуда оралдық спортшы Әнел Сытдықова ТМД-дағы әйелдерден тұңғыш болып, Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен еді.

Хабар 24 телеарнасы